Дзюдошы Данияр Шамшаев өз жеңілісінің себебін түсіндірді
Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Данияр Шамшаев Олимпиаданың алғашқы айналымындағы жеңілісіне не себеп болғанын айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
"Мен Олимпиада ойындарына толық дайындықсыз келдім. Оқу-жаттығу жиындарым аз болып қалды. Олимпиада алдында бір айдай асқазаным ауырып, көп уақытымды емделуге жіберіп алдым. Алда әлі талай додалар бар ғой, бұл Олимпиадада жолым болмады. Бір сәтсіздік бір сабақ дегендей, болашақта еліміздің намысын абыроймен қорғаймын деп ойлаймын", – деді Данияр Шамшаев ҰОК ресми сайтына берген сұқбатында.
Айта кетейік, қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев Париждегі Олимпиада ойындарындағы бірінші кездесуінде жеңіліп қалды.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?