Қазақ боксшысы Өзбекстанға жеңіс сыйлады Фото ашық дереккөзден

Өзбекстан атынан жұдырықтасатын этникалық қазақ жеңіске жетті

Бокстан Өзбекстан құрамасында жұдырықтасатын этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Париждегі Олимпиада ойындарында алғашқы жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

63,5 кг дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалдық кезеңінде Руслан Абдуллаев мексикалық Мигель Анхель Мартинеспен кездесіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

Руслан Абдуллаев Ташкентте өткен 2023 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. Сондай-ақ ол Амманда (Иордания) өткен 2022 жылғы Азия чемпионатында жеңіске жетті.