Қазақстандық теннисшілер Олимпиаданы толық аяқтады Olympic.Kz

Олар жұптық сында Париж Олимпиадасында жеңіліс тапты

Париж Олимпиадасында қазақстандық теннисшілер жарыс жолын толық аяқтады, деп хабарлайды Dopmedia.kz 

Біздің команда сапынан соңғы болып кортқа шыққан Александр Бублик пен Александр Недовесов жұптық сында жеңіліп қалды.

Олар Бразилия командасына қарсы ойнап, 4:6, 4:6 есебімен қарсыласқа жол берді.