"Елімай" клубы "Қайратқа" қарсы ойынға қалай дайындалып жатыр? Фото ашық дереккөзден

«Елімай» футбол клубы 2000 жанкүйер алып келеді

Алматылық "Қайрат" пен семейлік "Елімай" футбол клубтары арасындағы матчқа үлкен дайындық жүріп жатыр, деп Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Семейлік клуб Алматыға көп жанкүйермен келеді деп күтілуде. Сондай-ақ олардың қатарына Алматыда жұмыс істейтін және оқитын семейліктер қосылады. "Елімайды" кем дегенде 2000 жанкүйер қолдайды деп күтілуде.

Айта кетейік, матч Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында өтеді. Ойын 3 тамызда сағат 20:00-де Алматы қаласының Орталық стадионында болады.