Тағы бір қазақ боксшысы Олимпиадада жеңіліс тапты Фото ашық дереккөзден

Этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқан жеңілді

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан сынға түскен қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан жеңіліс тапты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Тоқтарбек Таңатқан жарыстың 1/16 финалдық кезеңінде доминикалық былғары қолғап шебері Кристиан Пиналеспен жұдырықтасып, 5:0 есебімен ұтылды. 

Айта кетейік, Қытайдағы қазақ боксшысының салмағында ел намысын Нұрбек Оралбай қорғайды. Нұрбек Оралбай бүгін, 30 шілдеде сағат 19:12-де шаршы алаңға шығады.