Еуропа чемпионатының қатысушысы қазақстандық клубқа ауысты instagram.com/fc_elimai

Ол Ла Лигада өнер көрсеткен

Максим Коваль – "Елімай" футбол клубының жаңа ойыншысы. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Украиналық қақпашы Максим Коваль – "Металлург" клубының тәрбиеленушісі. Қақпашы спорттық мансабында киевтік "Динамо", "Говерла", даниялық "Оденсе", испаниялық "Депортиво", арабиялық "Әл-Фатех", молдавиялық "Шериф" командаларында ойнаған.

Ол 2012/13 жылғы маусымда Украина чемпионатының үздік қақпашысы атанды. Сонымен қатар, ол Украина кубогының иегері, Молдова чемпионаты мен кубогының жеңімпазы.

31 жастағы футболшы Украина құрамасының сапында 2012 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан. Тәжірибелі қақпашы еурокубокта 49 матчта өнер көрсеткен.