Ойынға қалай кіруге болады?
Ертең, 6 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы футболдан Ұлттар лигасының жаңа маусымын бастайды. Станислав Черчесовтың шәкірттері Норвегия құрамасымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Қазақстан футбол федерациясы (КФФ) осыдан бірнеше күн бұрын матчқа билеттердің онлайн сатылымын ашқан болатын.
Билеттердің бағасы 2000 теңгеден басталып, ең қымбат орындарға 10 000 теңгеге дейін жетті. Алайда, матчқа деген қызығушылық жоғары болғандықтан, жанкүйерлер билеттерді бір күннің ішінде толықтай сатып алды. Осылайша, Орталық стадионда 23 804 көрермен қатысатын аншлаг күтілуде.
Дегенмен, кейбір онлайн платформаларда Қазақстан мен Норвегия арасындағы матчқа билеттерді қайта сатуға арналған ұсыныстар пайда болды. Ойынды көргісі келетіндер бастапқы бағадан жоғары көлемде артық төлеуге мәжбүр болады, өйткені кей билеттердің бағасы 20 000 теңгеге дейін көтерілген. ҚФФ ресми түрде жанкүйерлерге осындай делдалдардан билеттер сатып алмауға кеңес берді.
Егер жанкүйерлер стадионға бара алмаса, олар ойынды тікелей эфирде Qazsport арнасынан көре алады. Сонымен қатар, матчты Алматыдағы "Форум" сауда орталығында көрсететін іс-шара ұйымдастырылған, онда да билеттер 2 500 теңгеден бастап сатылуда.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?