«Қазақ-өзбек бір туған»: Шаршы алаңда Бибосынов пен Дусматов кездеседі Qaz_Olympics/Tengrinews©Турар Казангапов

Өзбекстандық боксшы Олимпиада ойындарының 1/4 финалына шықты

Париждегі Олимпиада ойындары арасында өтіп жатқан бокс турнирінің 1/8 финалында өзбекстандық Хасанбой Дусматов пуэрто-риколық Хуан Лопесті ойсырата жеңді,- деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Жалпы есеп 5:0. 

Енді, ширек финалда Дусматов қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновпен шаршы алаңда күш сынасады. 

Айта кетейік, кеше түнде Сәкен Бибосынов түркиялық боксшы Самет Гюмюшті сенімді түрде жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын.