Гвардиола өзінің бұрынғы командасынан жеңіліп қалды x.com/FCBarcelona

«Барселона» клубы «Манчестер Ситиден» басым түсті

"Манчестер Сити" мен "Барселона" АҚШ-та жолдастық кездесу өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Ойын барысында каталониялық клуб екі рет алға шықты, бірақ Хосеп Гвардиоланың командасы есепті теңестірді. "Барселонаның" атынан Пау Виктор (24-минут) және Пабло Торре (45+2-минут) гол соқты. Англия командасының құрамында Нико О'Райли (39-минут) және Джек Гриллиш (60-минут) голдармен көзге түсті.

Пенальти сериясында "Барселона" ойыншыларының орындауы жақсы болды: олар 4:1 есебімен жеңіске жетті.