Боксшы Махмұд Сабырхан көпшілік күтпеген нәтиже көрсетті Фото ашық дереккөзден

Махмұд Сабырхан алғашқы айналымнан аса алмады

Париж Олимпиадасы аясында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан испаниялық Хосе Кильеспен кездесті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

1/8 финалдық кезеңде кездеске қос боксшы өзара мықтыны анықтады. Үш раундқа созылған кездесуде Махмұд Сабырхан қарсыласына 4:1 есебімен есе жіберіп қойды.

Ширек финалда испаниялық боксшы Хосе Кильес өзбек боксшысы Абдумалик Халоковқа қарсы жұдырықтасады.