Париж-2024 ойындарының бокс турнирлерінде трансгендерлер күш сынасуда
Бүкіл әлем әлі ЛГБТ өкілдерінің қатысуымен өткен Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын талқылап бітпей жатса, ХОК жаңа жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Жақын арада бокстан әйелдер турниріне екі трансгендер қатысып, күш сынасатын болады.
25 жасар алжирлік Иман Хелиф 66 келі салмаққа дейінгі жекпе-жекке шықса, тайвандық Линь Юйтин 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Соңғы Индияда өткен бокс турнирінен екі "қыз" да ресми түрде гендерлік дәрежелері сәйкес келмегендері үшін және организмдерінен тестостерон мөлшері тым жоғары болып анықталғанына байланысты шеттетілген болатын.
"Қазіргі жағдайда олардың әйел адамзаты екені мәлім. Олимпиада ойындарының барша қатысушылары мен ұйымдастырушылары ережелерге құрмет танытуы және ұстануы қажет",- деді ХОК маманы Марк Адамс.
Хелиф шаршы алаңға бүгін, 1-тамыз күні шығады. Ал, Юйтин 2-тамыз күні өнер көрсетеді.