"Тобылдың" үздік футболшысы Адиевтің командасына ауыса ма? Фото ашық дереккөзден

Футболшы Ислам Чесноков жауап берді

Қостанайлық "Тобыл" және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков шетелдік клубқа ауысу жөнінде сұраққа жауап берді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Sport+ Qazaqstan сайтына берген сұқбатында Ислам Чесноков бұл сұрақтың қазіргі уақытта еш мәні жоқ, себебі "Санкт-Галленмен" ойынға басты назарды салу қажет.

"Мен қазіргі уақытта осындай қауесеттерге жауап бере алмаймын, өйткені мен дәл қазір "Тобылдың" ойыншысымын және менің барлық эмоциям, күшім "Санкт-Галленмен" болатын ойынға бағытталған", – деді Ислам Чесноков.