Ұлттар лигасына дайындық жұмысы жалғасып жатыр
Қазақстан футбол федерациясы кеңсесінде УЕФА Ұлттар лигасының күздегі ойындарына толыққанды дайындық жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов команданың дайындығына кірісіп, бапкерлер штабы оқу-жаттығу жиынының дайындық жоспарын түзді.
Ұлттық құрамаға үміткер футболшыларға талдау жұмысына аса назар аударылды. Бапкерлер штабы олардың әрқайсымен және жаттықтырушыларымен жеке байланыс орнатты. Дайындық барысында зум-конференциялар өтіп, ойындарына талдау жасалынып жатыр.
Тамыз айының басында Станислав Саламұлы «Астана» – «Милсами» (1 тамыз), «Қайрат» – «Елімай» (3 тамыз), «Астана» – «Тұран» (4 тамыз) матчтарын стадионнан тамашалап, Ұлттық құрама футболшыларының ойынын бақылайды.