"Тобыл" еурокубоктағы жорығын аяқтады fctobol.kz

«Тобыл» өз алаңында жеңіліске ұшырады

"Тобол" футбол клубы УЕФА Конференция лигасынан шығып қалды. Қос матч нәтижесінде команда швейцариялық "Санкт-Галлен" клубына есе жіберді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Қостанайда өткен жауапты матч 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Шешуші голды 73-минутта Мустафа Сиссе соқты. Бұл уақытта алаң иелері 68-минутта Эдедем Эссьеннің алаңнан қуылуына байланысты бір ойыншы кем болғандықтан ойынды толық құрамда аяқтай алмады.

Швейцарияда өткен алғашқы ойын "Санкт-Галлен" клубының 4:1 есебімен жеңісімен аяқталған болатын.

Енді "Санкт-Галлен" келесі кезеңде латвиялық "Рига" немесе польшалық "Шленск" клубтарының бірімен кездеседі.