Қазақстан Олимпиада ойындарында бокстан қанша жүлде жеңген? Al Bello/Getty Images

Қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы жетістіктері қандай?

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшыларымыздың саны әр кезең сайын кеміп жатыр. Қазіргі уақытта тек 2 боксшымыз ғана жарыс жолын жалғастырып жатыр. Осы орайда Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан Олимпиада ойындарында бокстан қанша жүлде жеңгені туралы ақпаратты ұсынады.

Атланта – 1996:

Василий Жиров (81 кг) – алтын
Болат Жұмаділов (51 кг) – күміс
Ермахан Ыбырайымов (71 кг) – қола
Болат Ниязымбетов (63,5 кг) – қола

Сидней – 2000:

Ермахан Ыбырайымов (71 кг) – алтын
Бекзат Саттарханов (57 кг) – алтын
Болат Жұмаділов (51 кг) – күміс
Мұхтархан Ділдәбеков (91+ кг) – күміс

Афина – 2004:

Бахтияр Артаев (69 кг) – алтын
Геннадий Головкин (75 кг) – күміс
Серік Елеуов (60 кг) – қола

Бейжің – 2008:

Бақыт Сәрсекбаев (69 кг) – алтын
Еркебұлан Шыналиев (81 кг) –қола

Лондон – 2012:

Серік Сапиев (69 кг) – алтын
Әділбек Ниязымбетов (81 кг) – күміс
Иван Дычко (91+ кг) – қола
Марина Вольнова (75 кг) – күміс

Рио – 2016:

Данияр Елеусінов (69 кг) – алтын
Әділбек Ниязымбетов (81 кг) – күміс
Василий Левит (91 кг) – күміс
Иван Дычко (91+ кг) – қола
Дарига Шакимова (75 кг) – қола

Токио – 2020:

Сәкен Бибосынов (51 кг) – қола
Қамшыбек Коңқабаев (91+ кг) – қола

Париж – 2024:
?