«Ордабасы» еурокубоктағы матчын өз алаңында өткізе алмайды
УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында шымкенттік "Ордабасы" клубы армениялық "Пюник" командасына қарсы ойынды Алматыдағы Орталық стадионда өткізеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің талаптарына және УЕФА-ның төртінші категориясының талаптарына сай келмейтіндіктен, "Ордабасы" клубы өз алаңында келесі еурокубоктық матчтарын өткізе алмайды.
Осыған ұқсас жағдай 2012 жылы да болған, сол кезде де шымкенттік команда еурокубокағы қарсыластарын Алматыда қабылдаған еді.
"Ордабасы" мен "Пюник" арасындағы алғашқы матч 8 тамызда өтеді, ал жауапты ойын 15 тамызда Ереванда өтеді.