Қазақстандық спортшылар венгриялықтардан жеңілді
Қазақстандық семсерлесушілер командалық сайыста Париж Олимпиадасының ширек финалында бақ сынады. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
Шпагамен семсерлесуден Қазақстанның ерлер командасы 1/4 финалдық кезеңде Венгрия спортшыларымен кездесті.
Қазақстан құрамасы сапынан Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлайимов және Ерлік Сертай өнер көрсетті. Нәтижесінде қазақстандық спортшылар венгриялық семсерлесушілерден 30:45 есебімен жеңіліс тапты.
Шпагамен семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы 5-8 орындарды сарапқа салу үшін Египет спортшыларымен сынға түседі.