"Челсиге" қарсы матч Англияда өте ме? "Астана" командасы ұзақ жолға шығады ФК "Астана"

«Астана» командасы Конференциялар лигасының екінші ойынын Англияда өткізеді

"Астана" футбол командасы Конференциялар Лигасы аясындағы екінші кездесуін "Нью-Сейнтс" командасына қарсы Англияда өткізеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

"Нью-Сейнтс" клубының негізгі стадионы Освестри қаласында орналасқан. Алайда, бұл стадион Конференциялар Лигасына сәйкес матчты өткізуге сай емес. Сол себепті, матч Шрусбери қаласында "Нью Медоу" стадионында 24-ші қазан күні өтеді. 

Айта кетейік, "Астана" - "Челси" ойыны 12-ші желтоқсан күні Астана қаласында өтуі мүмкін.