«Жігіттер қарсыластан емес, төрешіден ұтылды» — Нұрбек Оралбай Olympic.kz | Сали Сабиров

Қазақстандық боксшы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Ел намысын Парижде қорғап, бокстан жартылай финалға өткен қазақстандық спортшы Нұрбек Оралбай бүгінгі жеңісінен кейін пікір білдірді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz 

«Аллаға шүкір, жекпе-жек ойдағыдай өтті. Мырзағали ағай, Марат ағай, Асқар ағайдың айтқан тактикаларын қолдана отыра жеңіске жеттік. Енді мұнымен тоқтамаймыз. Парижге біз алтын алу үшін келдік» 

-Кеше жігіттер жеңіліс тауып, Олимпиададағы жолдарын аяқтап жатыр. Кешегі жағдай бүгін сізге мотивация ретінде көрінді ме? 

«Әрине. Менің ойымша жігіттер қарсыластарынан емес, төрешілерден ұтылды. Бәрі Алланың қалауымен»,-деді боксшы.