Тек 80 келіде өнер көрсететін Нұрбек Оралбай ғана жартылай финалға шықты.
Қазақстан бока құрамасының бапкері Мырзағали Айтжанов соңғы орын алған жайттарғв қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
«Бұл Олимпиада бізге өте сәтсіз болды. Жігіттердің бәрі нашар жұдырықтасып, ұятқа қалдырды деп айта алмаймын. Сондықтан ешкімді кінәлай алмаймын. Жігіттер барын салды. Бұл – олимпиада, оңай қарсылас жоқ. Көп кездесу 3:2 болып аяқталып жатыр. Менмін деген әлем, Олимпиада чемпиондары келген. Әлемнің мықтылары келген, ешкімді ұрып құлатып ұта алмайсың.
Бүгін де Сәкен бірінші және екінші раундтарда ұтып тұрды, үшінші раунд тең дәрежеде өтті. Бірақ жеңіс бұйырмады», - деді бас бапкер.
Айта кетейік, қазіргі таңда жартылай финалға ерлер арасындағы бокстан тек қана Нұрбек Оралбай шығып тұр.
-
14 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының жабылу салтанатынан фоторепортаж
-
14 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының жабылу салтанатынан фоторепортаж
-
14 қыркүйек, 2024
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды
-
13 қыркүйек, 2024
Ұлттық құрама еншісінде 144 медаль, оның 44-і алтын