«Иесіне сай, астына тай» : Ғұсман Қырғызбаевға көлік сыйлады ©Алихан Сариев

Қазақстандық спортшы бүгін елге оралды

Бүгін, 5 тамыз күні Олимпиада-2024 ойындарының дзюдодан қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев елге оралды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.  

Қазақстан Дзюдо федерациясы Қырғызбаевқа су жаңа "TOYOTA" маркасының көлігін сыйға тарту етті. 

Айта кетейік, дзюдодан Олимпиада ойындары кезінде ел қоржынына алғашқы алтынды Елдос Сметов салды.