Финалға өту үшін үздік сегіздікке кіру қажет
Еркін Ғаббасов 10 метрге пневматикалық мылтықпен пара нысана көздеуден (R3: екі шынтаққа тірекпен отырып ату) сынға түсіп, 624.3 ұпаймен 35-орынға тұрақтады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Финалға өту үшін үздік сегіздікке кіру қажет.
Бұған дейін Еркін 10 метрге пневматикалық мылтықпен пара нысана көздеу бойынша (R1: шынтақты тіремей ату) күміс медаль жеңіп алған болатын. Бұл Қазақстан құрамасының Паралимпиада ойындарындағы алғашқы жүлдесі.
Осылайша Еркін Паралимпиада ойындарында өз өнерін аяқтайды.