Нұрбек Оралбайдың финалдағы қарсыласы анықталды MOHD RASFAN/AFP via Getty Images. Суретте: боксшы Александр Хижняк

Қарсыласы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайдың (80 кг) Париж Олимпиадасының финалдық кезеңіндегі қарсыласы анықталды. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды. 

Нұрбек Оралбай алтын жүлде үшін таласта украиналық боксшы Александр Хижнякпен бәсекеге түседі. Ол жартылай финалда кубалық Арлен Лопестен айласын асырған болатын. Финалдық бәсеке 7 тамыз Астана уақытымен 01:51-де басталады.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай бокстан қазіргі әлем чемпионы. Ол 2023 жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде алтыннан алқа тағынған. Ал қарсыласы Александр Хижняк 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.