Назым Қызайбай жартылай финалда қашан және кіммен жұдырықтасады? olympic.kz. Суретте: боксшы Назым Қызайбай

Назым Қызайбайдың қарсыласы туралы не білеміз?

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық боксшымен жұдырықтасады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Оның қарсыласы – Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионы қытайлық Ву Ю Азия.

Бұл отандасымыз Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Қазақстандық боксшы осыған дейін екі мәрте әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынса, бір мәрте қола медаль иеленген. Сонымен бірге Азия чемпионатында топ жарған.

Жекпе-жек 6 тамыздан 7 тамызға қараған түні 01:00-де басталады.