Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады
Қазақстан құрамасы Алматыда футзалдан әлем чемпионатына дайындықты бастады, деп хабарлайды Dopmedia.kz хабарлайды.
Оқу-жаттығу жиыны 18 тамызға дейін жалғасады. Бұл дайындық кезеңі адаптация сипатында өтеді.
"Команда Алматыда жиналып, медициналық тексеруден өтті. Ертең Кака жетекшілігіндегі команда алғашқы жаттығуын өткізеді", – деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Одан кейін құрама Астанаға келіп, 5 қыркүйекке дейін жаттығуларын жалғастырады. Осы кезеңде команда Тәжікстанға қарсы екі матч өткізеді, олар 22 және 24 тамызда "Сайран Арена" спорт кешенінде өтеді.
Кака жетекшілігіндегі команда 30 тамыз және 1 қыркүйекте Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Иран құрамасына қарсы екі жолдастық матч өткізеді.
Қорытынды дайындық кезеңі 6-10 қыркүйек аралығында Алматыда өтеді. Осы кезеңде Қазақстан құрамасы 7 қыркүйекте "Алматы Арена" спорт кешенінде Аргентинаға қарсы матч өткізеді.
Иран және Аргентина құрамалары ФИФА рейтингінде топ-5 қатарына кіреді. Иран құрамасы төртінші орында, ал Аргентина бесінші орында тұр. Қазақстан құрамасы рейтингте сегізінші орында орналасқан.
Еске сала кетейік, әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді. Топтық кезеңде Қазақстан Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларына қарсы ойнайды.