Әлем Чемпионы «Реалға» ауысуы мүмкін бе? Ашық дереккөзден алынған / Кристиан Ромеро

Кристиан Ромероның мансабына қатысты жаңа ақпарат шықты

«Тоттенхэмның» орталық қорғаушысы және Аргентина ұлттық құрамасының ойыншысы Кристиан Ромеро «Реал» сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Мадридтік клуб осыған дейін команда капитаны Начо Фернандестен айырылып қалған болатын. Оның клубпен келісім-шарты аяқталған соң, оны ұзартуды жөн көрмеді.

Кәсіби испандық ойыншының орынын Ромеро баса алушы еді. Алайда, екі тараптың келісімге келе алмағанының нәтижесіенде ойыншы «Реалға» ауыса алмады.