Бүгін Ордабаев Құралбек Досжанұлының туған күні
Бүгін «Қайраттың» атақты қақпашысы Құралбек Досжанұлы Ордабаев 75 жасқа толды, деп хабарлайды Dopmedia.kz
Құралбек Ордабаев еңбек жолын 1968 жылы жергілікті «Мелиораторда» бастаған. 1971 жылы Алматының «Қайратына» ауысып, Одақтың Жоғарғы Лигасында дебютін өткізіп, КСРО чемпионатының үздік ойыншысы болып танылды. 12 жыл бойы «Қайраттың» қақпашысы болды.
Ордабаев мансабының соңында Қазақстан Республикасы футбол қауымдастығының және алматылық «Қайраттың» президенті болды.