Қазақ балуаны екі дүркін әлем чемпионын жеңіп, жартылай финалға шықты olympic.kz. Суретте: балуан Демеу Жадраев

Демеу Жадраев Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды. 

77 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Демеу Жадраев ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, қырғызстандық Ақжол Махмудовпен кездесті. Бұл белдесуде қазақстандық балуан 3:1 есебімен жеңіске жетті.