Иман Хелиф Олимпиаданың финалында өнер көрсетеді
Алжирлік боксшы Иман Хелиф 2023 жылғы бокстан әлем чемпионатының алдында гендерлік тесттен өте алмай, турнирден шеттетілген болатын. Алайда, Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында ол бокстан әйелдер арасындағы жартылай финалда жеңіске жетіп, финалға шықты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Жартылай финалда Хелифтің қарсыласы тайландтық Янэм Суваннапхенг болды. Иман Хелиф төрешілердің бірыңғай шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл жекпе-жек 66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.
1/8 финалында Хелифтің қарсыласы италиялық боксшы Анджела Карини жекпе-жек басталғаннан кейін 46 секунд өткенде кездесуден бас тартып, рингтен жылап шығып кеткен еді. Кейінірек Карини бокстағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.