"Астана" сырт алаңда жеңісті жұлып алды Фото ашық дереккөзден. Суретте: "Астана" футбол клубының ойыншылары

«Астана» сырта алаңда ерекше жеңіске қол жеткізді

«Астана» футбол клубы УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Румынияның «Корвинул» командасын сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіп, өз жанкүйерлерін қуантты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Ойында елордалық команданың құрамында Усман Камара мен Чинеду Джеффри гол соғып, астаналық ұжымға жеңіс сыйлады. Қарсыластар да қарсылық көрсетті, бірақ «Астана» сенімді ойынымен жеңісті жұлып алды.

Енді екі команда арасындағы жауапты матч 14 тамызда Алматыдағы «Орталық стадионда» өтеді. Бұл матч «Астана» үшін плей-офф кезеңіне шығу жолында шешуші ойын болмақ.