"Ордабасы" шымкенттік жанкүйерлердің көзінше ұтылып қалды instagram/fc__ordabasy. Суретте: футболшы Бауыржан Исламхан

«Ордабасы» өз алаңында жеңіліске ұшырады

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында өз алаңында армениялық «Пюник» командасына 0:1 есебімен жеңілді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Кездесуде жалғыз голды «Пюник» сапынан Юсуф Отубанджо соқты. Бұл нәтиже «Ордабасы» үшін ойынды қиындатып отыр, себебі олар келесі раундқа өту үшін 15 тамызда Ереванда өтетін жауапты матчта жеңіске жетуі қажет.