Серхио Агуэро бұл ықтималдыққа қатысты жеке пікірін білдірді
Аргентина ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Серхио Агуэро Мессидың 2026 жылғы Әлем Чемпионатында өнер көрсетуіне қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі
"Мұны неше рет керек болса, сонша айтамын: Лео шешімді өзі қабылдайды. Оның кез келген шешімін мен қолдаймын.
Маған салса, ол мәңгі ойнағанын қалаушы едім. Өкінішке қарай, бұл мүмкін емес.
Құрама сапында ойын көрсетуіне қатысты шешім қабылдауға толық құқығы бар",- деді экс-форвард.
Айта кетейік, Әлем чемпионаты 2026 жылы бірден үш елде өтеді: АҚШ, Канада және Мексика.