Орта салмақтағы бокстан экс әлем чемпионы Геннадий Головкин шаршы алаңда кез-келген қарсыласымен кездесуге дайын екенін хабарлады.
Қазіргі таңда боксшы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы қызметін атқаруда. Оның айтуынша, ол Сауд Арабиясының қолдауымен өткізілгелі жатқан жаңа бокс лигасының ұсыныстарын қарастыруға дайын.
«Мені жаңа ұсыныстар қызықтыруы мүмкін бе? Әрине мүмкін. Ешқашан “ешқашан” деуге болмайды. Көреміз. Дәл қазір мен өзімді өте жақсы сезінемін және рингке оралуға дайынмын. Ұсыныс келіп жатса, оны да қарастырамыз»,- деді қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин.