Конор Макгрегор биыл жекпе-жекке шықпайды
UFC президенті Дана Уайт Конор Макгрегор қашан жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп Dopmedia.kz тілшісі ESPN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Біз сөйлестік, ол жекпе-жекке шыққысы келеді. Біз бұл мәселені шешеміз. Алайда ол биыл жекпе-жекке шықпайды», – деді Уайт ESPN-ге берген сұқбатында.
Дегенмен, Конор Макгрегор желтоқсан айында жекпе-жек өткізуге қарсы еместігін және қыркүйек айында дайындықты бастайтынын мәлімдеді.
Макгрегор – UFC тарихында екі салмақ дәрежесінде бір мезгілде чемпион атанған алғашқы спортшы. Ол жартылай жеңіл және жеңіл салмақ дәрежелерінде титулдарды жеңіп алған болатын. Алайда, ол екі титулды да қорғай алмады.