«Тұран» футбол клубы албаниялық ойыншымен келісімшартқа отырды
Түркістандық «Тұран» футбол клубы албаниялық жартылай қорғаушы Плярент Фейзайды өз құрамына қосты. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
Фейзай өз мансабында тек Албания чемпионатында өнер көрсеткен. Ол «Бюлис», «Буррели», «Камза», тирандық «Динамо», «Томори Берат» және «Кукеси» командаларының намысын қорғаған.
Соңғы клубында Фейзай 27 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген.
Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, футболшының трансферлік құны 150 мың еуроға бағаланып отыр.