"Ордабасы" еурокубок маусымында сәтсіздікке ұшырады Фото ашық дереккөзден. Суретте: "Пюник" – "Ордабасы" матчы

«Ордабасы» сырт алаңда «Пюник» клубына жеңілді

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы Ереванда армениялық «Пюник» командасына 0:1 есебімен жеңіліп, УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінен шығып қалды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Қос матчтың нәтижесі бойынша «Пюник» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы матчта да «Пюник» 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қарымта кездесудегі жалғыз голды нигериялық шабуылшы Юсуф Отубанджо соқты, бұл гол шымкенттіктердің турнирден шығып қалуына себеп болды.

Еске сала кетейік, шілде айында «Ордабасы» УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде молдавалық «Петрокубтан» жеңіліп, жарыстан шыққан еді. Дегенмен, УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде шымкенттіктер Люксембургтің «Дифферданж» командасынан басым түскен болатын.