"Астана" УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне шыға ала ма? fcastana.kz. Суретте: "Астана" – "Корвинул" матчы

«Астананың» плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды

Елордалық «Астана» футбол клубы УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңінде норвегиялық «Бранн» командасымен кездесетін болды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Норвегиялық «Бранн» клубы  «Сент Миррен» командасын  екі кездесудің қорытындысы бойынша 4:2 (1:1, 3:1) есебімен ұтып, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Плей-офф кезеңінің алғашқы матчы 22 тамызда Норвегияда өтеді, ал жауапты матч 29 тамызда Алматыда өтеді.

Айта кетейік, осы матчтың жеңімпазы УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.