«Командамызда әлемнің ең үздік ойыншысы ойнайды»: Мессиге қатысты жаңа ақпарат пайда болды Global Look Press

Аргентиналық ойыншы клуб ауыстыра ма?

«Интер Майами» футбол клубының бас бапкері Херардо Мартино клубтың форварды Лионель Мессиге қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

«Мессидің жағдайы жақсы. Кеше жаттығуларға оралды. Алдағы ойындарға оны қарастырып жатырмыз. Бәрі жаттығулардан кейін белгілі болады. Командамызда әлемнің ең үздік ойыншысы ойнайтын болады. Өте қуаныштымыз!»,- деді бапкер.