Назым Қызайбай желіде сын айтатындарға жауап берді
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері боксшы Назым Қызайбай спортшылардың әлеуметтік желіде отыратынына байланысты айтатын көптеген адамның сын-пікірлеріне жауап берді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
"Instagram, Tiktok-қа бірдеңе салып қалсаң, сынап жазатындар көп. Тіпті дөрекі түрде пікір жазады. Сондай кезде күлкің келеді. Біз де адамбыз, робот емеспіз ғой. Көп адам біз тек таңертеңнен кешке дейін жаттығу жасап жүруіміз керек деп ойлайды
Күніне екі мезгіл жаттығуымызды жасаймыз. Бос уақытымызда телефонды қолданамыз. Адамдар осы дүниені дұрыс түсінбейді.
2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатынан кейін жігіттерімізге де: "Дайындалсаңдаршы, неге әлеуметтік желіде отырсыңдар?", – деп сынады. Кешкі жаттығуыңды жасап, тамақтанып алған соң әлеуметтік желіге кіріп отырған күннің өзінде 24 сағат бойы дайындалуымыз қажет секілді жазатын адамдар көп", – деді боксшы.
Айта кетейік, боксшы Назым Қызайбай Dopmedia.kz тілшісіне көлемді сұқбат беріп, бокстағы қиындықтар, Олимпиададағы жеңісі, жеке өмірі турасында жан-жақты айтты.
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақтар көкпардан қырғыздарды төбелесіп жеңді
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақстандық садақшылардың триумфы: Қоржынымызда 6 медаль бар
-
12 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындары: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
-
12 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының төртінші күні қалай өтті?
-
11 қыркүйек, 2024
Ордодан 7 мемлекет сынға түседі