Өнер иесі балалы болғысы келетінін жеткізді
Қазақстандық танымал блогер және актриса Айжұлдыз Адайбекова жеке өмірі туралы айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті. Өнер иесі отбасы құрып, балалы болғысы келетінін жеткізді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріне қатысты сұраққа Revue News бағдарламасында жауап берген. Блогер ару тағы да балалы болуды армандайтынын жасырмады.
"Отбасылық үлкен бақыт күтемін. Мүмкін тағы да бөпелі болармын. Қалай бұйырады, солай күтеміз. Негізі өмірімде сіздер білмейтін көп нәрсе болды. Қазір сүйіктіммен бірге тұрып жатырмын. Ол кісі өзі дайын болып, рұқсатын берген кезде мен де дайын боламын. Бәрібір сөз бар, тіл бар, көз бар дегендей көп нәрсені жариялаған жоқпыз", - деді актриса.
Оған қоса Жанар Айжанова қызының әр шешіміне қолдау білдіретінін айтты.
"Мен Айжұлдызды қолдаймын. Қандай шешім қабылдаса да, дайынмын. Ол 18 жастағы қыз емес. Оның таңдауына, шаруасына араласпаймын. Сәкен өте сыпайы бала. Айжұлдыздың көзінен өз адамын жолықтырғанын байқаймын", - деді Айжұлдыз Адайбекованың анасы.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)