Сәкен Бибосынов әлеуметтік желіде жазба жариялады
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов ұлттық құрамадан кететіні жөнінде тараған ақпаратқа жауап берді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Сәкен Бибосынов құраманың бұрынғы бапкері Мырзағали Айтжановпен бірге кететіні туралы хабар тарады. Боксшы аталмыш ақпаратты жоққа шығарды.
"Алла сақтасын, елімізде неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді. Мына сөз жалған ақпарат. Мен боксты қойған жоқпын", – деп жазды Сәкен Бибосынов Instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов Париждегі Олимпиада ойындарының ширек финалында өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа есе жіберіп қойған еді.
-
14 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының жабылу салтанатынан фоторепортаж
-
14 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының жабылу салтанатынан фоторепортаж
-
14 қыркүйек, 2024
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды
-
13 қыркүйек, 2024
Ұлттық құрама еншісінде 144 медаль, оның 44-і алтын