Футболшы ойын барысында дәретханаға барғаны үшін алаңнан қуылды (видео) x.com/besoccer

Перу кубогы аясында ерекше жағдай орын алды

Перу кубогы аясында ерекше әрі қызық оқиға орын алды. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

«Атлетико Аважун» командасының футболшысы Себастьян Муньос матч барысында тосын әрекеті үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Медициналық көмек көрсету үшін ойын уақытша тоқтатылған болатын. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Муньос алаңның сыртында дәретханаға баруға шешім қабылдаған. Алайда, бұл әрекетін байқаған төреші оған бірден жақындап, қалтасынан қызыл қағазын шығарып, ойыншыны алаңнан қуып жіберді.

Муньос төрешінің шешіміне қарсылық білдірмек болғанымен, төреші өзінің шешіміне өзгеріс енгізбеді.