WBC рейтингінде қазақстандық боксшылар қай орында тұр?
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBC) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орындары да бірқатар өзгерістерге ұшырады.
Аса ауыр салмақта Жан Кособуцкий (27-орын) мен Иван Дычко (33-орын) бір позицияға көтерілді.
Жартылай ауыр салмақта Бекзат Нұрдәулетов екі саты төмендеп, 26-орынға орналасты.
Екінші орта салмақта Али Ахмедов 18-орыннан 16-орынға көтерілді, ал Бек Нұрмағамбетов бір саты алға жылжып, 32-орынға ие болды.
Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов өз позициясын сақтап, британиялық Хамза Шираздан кейінгі 2-орынды иеленіп отыр.
Бірінші жартылай орта салмақта Сергей Липинец 27-орыннан 26-орынға көтерілді, ал Батыр Жүкембаев 28-орында қалды.
Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек екі сатыға төмендеп, 30-орынға тұрақтады.
-
16 қыркүйек, 2024
Қазақ көкпаршылары Қырғызстанға бара ма: қазақтар жауап берді
-
16 қыркүйек, 2024
Қырғыз көкпаршылары қазақтарды өз жеріне шақырып жатыр
-
13 қыркүйек, 2024
Көкпардың арты “жұмыртқа дауына” ұласып кеткен жоқ па?