Янник Синнер допинг дауына ілікті
Әлемнің бірінші ракеткасы италиялық Янник Синнер допинг дауына ілікті Теннис әділдігін қамтамасыз ету жөніндегі Халықаралық агенттік (ITIA) Янник Синнердің екі рет допинг-тестінен өте алмағанын мәлімдеді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Осы жылдың 10 және 18 наурызында өткізілген тест Янник Синнердің ағзасында тыйым салынған анаболикалық стероид – клостебол бар екендігін көрсетті.
Бірақ та ІТІА ұйымының мәліметіне сүйенетін болсақ, Янник Синнер бұл заттың ағзасына кездейсоқ түскенін айтып, дәлелдеп шықты.
"Янник Синнердің командаласы Италияда қолжетімді рецептісіз сатылатын спрейді жараны емдеу үшін қолданған. Бұл спрейдің құрамында клостебол болған. Командаласы 5-13 наурыз аралығында спрейді қолданған, осы кезеңде Синнерге күнделікті массаж және спорттық терапия жасалған, бұл спортшының ағзасына заттың трансдермальды түрде енуіне әкелген", - делінген ITIA мәлімдемесінде.
Осы жағдайдан кейін италиялық Янник Синнер дисквалификация алмады. Тек қана рейтингтегі 400 ұпайынан және Индиан-Уэллсте өткен ATP Masters 1000 додасындағы жүлдесінен қағылды.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?