«Ақтөбе» клубының ойыншысы азаматтық алу мәселесі туралы айтты
«Ақтөбе» футбол клубының шабуылшысы Ыдырыс Умаев Қазақстан азаматтығын алу мәселесіне қатысты пікірін білдірді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Ол Ұлттар лигасы алдындағы дайындық аясында Қазақстан төлқұжатына ие болуды күтіп жүргенін айтты.
«Төлқұжат бойынша әлі ештеңе шешілген жоқ. Бұл туралы, мүмкін, оныншы рет айтып тұрған шығармын, бірақ өзіме қатысты барлық мүмкіндікті жасадым. Өзім де үлкен үмітпен күтіп жүрмін және оны жақын арада алатыныма сенемін», – деді Умаев Kazfootball сайтына берген сұқбатында.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?