Мохамед Конате «Эр-Рияд» клубымен келісімшартқа отырды
26 жастағы буркинийлік шабуылшы Мохамед Конате «Эр-Рияд» клубымен келісімшартқа отырды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Мохамед Конате Сауд Арабиясының жоғары дивизионындағы «Эр-Рияд» командасына еркін агент ретінде ауысты. Бұл дивизионда әлемге әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» клубы да ойнайды. Өткен маусымда Конате «Ахмат» клубында Магомед Адиевтің басшылығымен ойнап, 13 гол және бір нәтижелі паспен көзге түскен.
Қазақстандық жанкүйерлерге Конате «Қайрат А» сапындағы ойынымен таныс, ол бұл клубқа 2017 жылы келген болатын. Сондай-ақ, өз мансабында молдовалық «Саксан», латвиялық «Бабите», белоруссиялық «Гомель», армениялық «Пюник» және бірнеше ресейлік клубтарда да ойнаған.
-
16 қыркүйек, 2024
Қазақ көкпаршылары Қырғызстанға бара ма: қазақтар жауап берді
-
16 қыркүйек, 2024
Қырғыз көкпаршылары қазақтарды өз жеріне шақырып жатыр
-
13 қыркүйек, 2024
Көкпардың арты “жұмыртқа дауына” ұласып кеткен жоқ па?