Қазақстандық жартылай қорғаушы Қазақстан-Норвегия ойынын қорытындылады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов «Қазақстан-Норвегия» ойынын қорытындылады,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
«Әрине, ауыр ойын болды. Норвегия өңшең Холанд пен Эдегор секілді мықты ойыншыларды жинаған құрама. Қалай болса да, тең нәтижеге қол жеткіздік. Рамазан Каримов гол соқса, мүмкіндік ашылар ма еді бәлкім. Бастысы басын сәтті бастадық. Басын қалай бастасаң, жалғасы да солай табылады демекші.
Негізі, өзім футболды қатты сағынып қалыппын. Алаңға шықпағалы 3-4 айдай болып қалды. Стадиондағы атмосфераға сөзім жоқ! Барша жанкүйерлерімізге рақмет»,- деді Зайнутдинов.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)