Норвегия ұлттық құрамасының жанкүйерлері өз командаларына қатты ашулы
Күні кеше УЕФА Ұлттар Лигасының аясында Қазақстан және Норвегия құрамалары жасыл алаңда кездесіп, ойын тең есеппен аяқталған еді. Нәтижесінде, қарсылас команданың жанкүйерлері үлкен реніштерін білдіре бастады,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Басым наразылықтар мен реніштер Норвегия ұлттық құрамасының бас бапкері Столе Сольбаккенге айтылды.
«Масқара, ұят! Сольбаккенды отставкаға жіберіңдер!
Сольбаккен- аут! Жетер енді. Заттарыңды жина да, кете бер.
Егер жөні түзу команда болсақ, онда Сольбаккен жұмыстан бүгін кету керек. Мұндай нәтижемен ешқандай әлем чемпионатына да дәм етіп керек емес. «Алтын допқа» екі үміткері бар команда Ұлттар лигасында Қазақстанға ешнәрсе істей алмай отыр. Әлемге күлкі болдық»,- дейді жанкүйерлер.
Бұл арада ұлттық құраманың басты фавориттері Эрлинг Холанд пен Мартин Эдегорға да хейт келді.
«Холанд пен Эдегор ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге хақылары жоқ. Ұлт үшін ойнайтын кезде, ең нашар ойыншылар деп білеміз. Қастарында бір командада әлем ойыншылары жоқ кезде, өздерінің қандай дәрежеде ойнайтындарын көрсетті. Олар таза алаңдағы қоқыс. Бұл команда мына түрімен ешқашан Әлем чемпионатына қатыса алмайды»,- деді жанкүйерлер.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)