«Қайраттың» ойыншысы арабтарға ауысады kff.kz

Дуглас алдағы уақытта «Әл-Ула» командасында өнер көрсетеді

Футзалдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дуглас "Қайраттан" жазғы трансферлік кезеңде Сауд Арабиясына ауысады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Дуглас "Әл-Ула" клубымен келісімшартқа отырды. Қазақстан құрамасының жетекші ойыншысы екі жыл мерзімге қол қояды.

Дуглас "Қайрат" сапында 11 маусым бойы өнер көрсетіп, Чемпиондар лигасында топ жарған және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды.