«Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Қазақстан азаматтығына қатысты пікір білдірді
Қазақстандық «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Идрис Умаев ұлттық құрама сапында өнер көрсеткісі келеді. Бұл туралы DopMedia.kz тілшісі хабарлайды.
Алайда, Умаев екі жылдан бері өзінің ресейлік азаматтығынан бас тартып, Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр.
Айта кетейік, Умаевтың әкесі Қазақстан Республикасында туылған. Идристің өзі осы күнге дейін «Шахтер», «Енисей», «Чайка», «Химки» клубтарында ойнаған. 2023 жылдан бері ақтөбелік клуб сапында өнер көрсетіп жүр.